Байқауға қатысушылар 5 кезең бойынша өзара сайысқа түсті.
«Сымбат-көркі сынымен!» атты тақырыпта байқауға қатысушылар өздерін таныстырса, «Сәбиімді әлдилеймін әндете» атты тақырыпта бесік жырын орындады. «Ана көрген тон пішер» тақырыбында келіндер қолөнерге деген шеберліктерін байқатты. «Салт-дәстүр асыл қазынам» тақырыбында әңгіме сұрақ-жауап түрінде өрбіді. «Өнерлі - өрге жүзерде» келіндер өнерлерін ортаға салса, «Даналар мұрағаты» - мақал-мәтел жарысы тақырыбында сайысқан келіндер біліктілігі мен өнерлерін паш етті. Мерекелік байқау «Ақ босаға» әнімен ашылып, «Шашу» және «Көркем» әжелер тобы мүшелерінің ақ батасымен басталды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 3 курс студенті Әсем Нұралиева алса, бірінші орынды Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта мектеп оқытушысы Жанар Оралбаева, ал екінші орынды банк қызметкері Динара Наханова жеңіп алды. Үшінші орын Жұлдыз Қалмұрзаеваға бұйырды.