25 жыл бұрын «Ақ Жайық» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 жыл бұрын «Ақ Жайық» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді

17.03.2016
25 жыл бұрын «Ақ Жайық» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді

«Ақ жайық» – Атырау облысындағы кең тараған әрі тұңғыш тәуелсіз апталық басылым.

Орыс тілінде шығатын газет. 1999 жылы таралымның бір бөлігі қазақшаға аударылып таратыла бастады. Алғашқыда «Компаньон» (1991), кейін «Местное обозрение» (1992) аталып, шағын көлемде жарық көрген газет 1993 жылы мамыр айынан «Ақ жайық» аталды.

Бұл – нарық жағдайына бейімделген, облыс, республика көлемінде өзін-өзі қаржыландыруға толық көшкен алғашқы газеттердің бірі.

Басылымды шығарушылар ЖШС құрып, аталған газетке құрылтайшы болды. Алғашқы редакторы Ә. Мұқашев, ал дербес тәуелсіз газетке көшкеннен бастап (1994) редакторы С.Қайырханов.

«Ақ жайық» апталығының негізгі бет-бейнесі бүгінгі күннің өзекті жаңалықтарын жедел көрсетуімен, мәселелерді ашық та өткір қоя білуімен ерекшеленеді. Жарнамаға кең орын беріледі. «Ақ жайық» «СОРОС - Қазақстан» қорының грантына ие болды (1998).

 

Хабарламаларға жазылу