Жаңа ғылыми мекеменің директоры қызметін атқарушы болып, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ЮНЕСКО халықаралық сарапшысы Карл Байпақов тағайындалды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәдениеттерді жақындастыру орталығы қызметінің басты мақсаты - музей құндылықтары мен тарихи-мәдени мұраны анықтау, жинақтау, толықтыру, сақтау, зерделеу және насихаттау.
Сондай-ақ, ұлттық мұраны, оның ішінде Қазақстан Республикасының мәдени мұра объектілерін сақтау және пайдалану саласында жаңа білімді алу мен қолдануға бағытталған ғылыми-ағартушылық қызметті және қолданбалы, жобалық, ізденістік және ғылыми зерттеулерді жүргізу.