Бүгін «Kazsport» телеарнасы күрес түрлерінен Рио Олимпиадасына жолдама беретін турнирді тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Kazsport» телеарнасы күрес түрлерінен Рио Олимпиадасына жолдама беретін турнирді тікелей эфирде көрсетеді

18.03.2016
Бүгін «Kazsport» телеарнасы күрес түрлерінен Рио Олимпиадасына жолдама беретін турнирді тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Астанада Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға лицензия сарапқа салынатын ең алғашқы біліктілік жарысы (Әлем чемпионатын есептемегенде) басталады.

Жарысқа қазақстандық спортшылардан бөлек Иран, Қытай, Жапония, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Үндістан секілді әлемнің 24 елінен палуандар қатыспақ.

«Kazsport» телеарнасының бүгінгі тікелей эфир кестесі:

18 наурыз

09:50 - Іріктеу.

Еркін күрес (-57, -74 кг);

Грек-рим күресі (-59, -85 кг);

Әйелдер күресі (-53, -69 кг)

17:30 – Финал.

Турниирге қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының палуандары тізімі:

Грек-рим күресі:

Магомед Чухалов (66 кг), Азамат Қыстыбаев (85 кг), Марғұлан Әсембеков (98 кг), Нұрмахан Тыналиев (130 кг).

Әйелдер күресі:

Жұлдыз Ешимова (48 кг), Зульфия Яхъярова (53 кг), Айым Әбділдина (58 кг), Екатерина Ларионова (63 кг), Элмира Сыздықова (69 кг), Гүзел Манюрова (75 кг).

Еркін күрес:

Мейіржан Әшіров (65 кг), Ғалымжан Өсербаев (74 кг), Аслан Кахидзе (86 кг), Мамед Ибрагимов (97 кг), Дәулет Шабанбай (125 кг).

Хабарламаларға жазылу