«Күрес – қазақтар үшін тарихи спорт түрі. Біздің елде ежелден-ақ балуандар күресінсіз бірде бір мереке өтпеген. Бүгінде мемлекет спорттың осы түрін жастар арасында танымал ету үшін зор күш-жігер жұмсап отыр, соның арқасында Қазақстан халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Астанада өтетін турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсетілгені үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ, кездесу барысында Н.Лалович Нұрсұлтан Назарбаевқа «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының құрмет орденін тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.