Ұлыстың ұлы күнінде «Бірге таңдаймыз!» хабары Ұлттық арна көрермендеріне ұлттық тағамдар дайындау әдісін көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, жаубүйрек тағамының ерекшелігі мен дайындау жолдарын ұсынады.
Сондай-ақ, хабар барысында ою-өрнектер салынған қоржын тігу әдісі де айтылмақ. Ұзын шашты өрудің үш түрлі үлгісі мен әйел затының жасына қарай (10-15 түрлі) қамзол-жилеттерді таңдау жолдарын бүгін 13:00-де Ұлттық арнадан көре аласыздар.