Елбасы баршаны партияның жеңісімен құттықтап, артылған сенімді ақтау үшін біріге жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.
«Баршаңызды кешегі өткен сайлаудағы жеңісімізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - «Нұр Отан» партиясының, бұл - біздің халқымыздың жеңісі.
Қазіргідей заманда мұндай бірауыздықты ешбір ел, ешбір халық көрсетіп отырған жоқ. Қазақстандықтардың ерекшелігі - дәл осында. 60 мемлекеттен келген байқаушылар, дүниежүзілік ақпарат құралдары біздің сайлауға «демократияның шыңында» деп баға берді. Қазақстан шынайы демократиялық ел екенін, сайлауды ашық, заңды түрде өткізе алатынын бүкіл дүниежүзіне дәлелдеді. Халықтың 82 пайызының «Нұр Отанға» дауыс бергені - үлкен сенім. Сенімді ақтау үшін бірге жұмыс істеуіміз керек», деді Мемлекет басшысы.