Сәбидің өз әлемі бар. Олар өтірік айту, қулыққа басу дегенді білмейді. Ересектерге қарағанда, ойындағысын бүкпесіз айтады.
Олар үшін бәрі қызық. Қоршаған ортаның әрбір жаратылысына қызыға қарайды. Оны өздігінше зерттеп-білуге тырысады.
«Баламен бетпе-бет» хабарының бүгінгі қонақтары - Диляра, Бағдаулет, Аружан.
Кішкентай қонақтармен болған шынайы сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:15-те тамашалай аласыздар.