Бүгін Қаршыға Ахмедияровтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қаршыға Ахмедияровтың туған күні

25.03.2016
Бүгін Қаршыға Ахмедияровтың туған күні

Бойында Сейтектің серілігі, Махамбеттің өрлігі бар Қаршыға Ахмедияров күй шерткенде халқы сүйсіне тыңдайтын. Көпшілік арасында өнер иесіне «Күй Қаршығасы», «Саңлақ күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деген атаулар берілген.

Қаршыға Ахмедияров қазақ композиторларының күйлері мен әлемдік туындыларды домбырамен шебер орындай білген өнер иесі. Қазақтың киелі аспабымен талайды тамсандырған күйші 1981 жылы АҚШ-та күй тартқанда көрермен ұзақ қол соғып, сахнадан жібермей тұрып алған екен.

«Қаршыға десе, қаршыға еді. Қаршыға – қазақтың күй өнерінің шебері. Ол осы шеберлігінен өмір бойы танған емес»,-деп еске алады әріптесі Сейітмұханбет Баймұханбетұлы.

Қаршыға Ахмедияров «Нарын», «Қуаныш», «Сарын», «Нұрғиса», «Қыз ғұмыр», «Ақ қайың», «Желдірме», «Алтын ұя» секілді көптеген күйлердің авторы.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткер, дирижер Жанас Бекентұров: «Қаршыға Ахмедияров – бүгінгінің Құрманғазысы дер едім. Себебі, ол кісі көзі тірісінде біріне-бірі ұқсамайтын жүздеген күй шығарып кетті»,-дейді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу