Ақтөбедегі қар тазалау жұмыстарына жеке меншіктегі техникалар да жұмылдырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі қар тазалау жұмыстарына жеке меншіктегі техникалар да жұмылдырылуда

25.03.2016
 Ақтөбедегі қар тазалау жұмыстарына  жеке меншіктегі техникалар да жұмылдырылуда

Өңір басшысы кеше  коммуналдық қызмет және  мердігер ұйымдармен бірге кәсіпкерлер тарапынан бөлінген арнаулы техникалар қар тазалап жатқан учаскелерде болып, жұмыс барысын қадағалады.

Қазір Ақтөбеде қар тазалаумен 15 мекеме айналысып жатыр. Бұдан басқа құрылыс және мұнай компанияларының 15 тиегіші мен  40 жүк көлігі жұмысқа кірісіп кетті.

Көктемгі су тасқынының алдын-алу жұмыстарына көмек беру жөніндегі жергілікті биліктің ұсынысын «АктобеНефтеГаз», «Ақпан», «Солерс», «Байлы», «АктобеКапРемСтрой», «КазПромСтройГрупп», «Алихан Ойл», «Ұлы компаниясы»,  «Бабэкқұрылыс», «АктобеАгроСервис», «ҚазтрансОйл» «Интер Стиль», «АгроФирмаКоквест» ЖШС-лары және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы секілді кєсіпорындар көп алып отыр.

«ЗапКазСтройИнвест» ЖШС-ның техникалары Құрмыш, Москва, ГМЗ, Шанхай сияқты аудандары қардан тазалап жатыр. Қазір олар Тимирязев, Мебельная, Ударная көшелерін қардан толық тазартып болды. Облыс орталығындағы тағы он көше тазартылып жатыр.

Ақтөбе облысында қыс басталғаннан бүгінге дейін орташа көпжылдық мөлшерден 4 есе көп қар түскенін еске саламыз.

Мамандардың айтуынша, бұндай жағдай соңғы он жылда бірінші рет болып отыр. Осындай қиын жағдайда өңір басшылығы облыс елдімекендерін су тасқынынан қорғау  үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр. Әсіресе облыс орталығындағы тұрғын үй алқаптарына ерекше көңіл бөлініп отыр. 

Қазір Ақтөбе қаласын қардан тазарту үшін тәулігіне 100-ден аса  техника жұмылдырылып отыр. Олар бүгінге дейін 370 текше метр қар шығарды. Оның арасында көшелердегі суды сорып алып  жатқан 110 су тасушы көлік бар, деп хабарлайды «Ақтөбе-ақпарат».

Хабарламаларға жазылу