Ларингит — көмекей кілегей қабығының қабынуы. Ларингиттің жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел ларингит көбіне салқын тиюден болады. Кейде тұмау, қызылша, қызамық, т.б. аурулар, тіпті көп сөйлеу де ларингитке шалдықтырады.
Науқастың дене қызуы көтеріледі де, дел-сал болып, көмекейінің екі шеті қызарып, талаурап ісінеді, тамағы құрғайды, сөйлегенде қиналады, құрғақ жөтел пайда болады. Кейде аурудың асқынуынан көмекейдің екі жағы іріңдеп, ісінеді, жақ, жұтқыншақ безі шошынады, ауырады.
Жалпы, ауыз қуысы, көмекей ауруларының белгілері қандай? Дерттің алдын алуға бола ма? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан көріңіз.