Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Ол бұған дейін қала әкімінің коммуналдық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Ержан Бейбітұлы 1984 жылы туған, қазақ, екі жоғары білімі бар. 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін өнеркәсіптік жылу энергетика мамандығы бойынша, 2010 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 2006 жылдың наурызында Павлодар қаласы «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамының машинист-қараушысы болып бастады. 2006 жылдың шілдесінен бастап мемлекеттік қызметте «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғындармен жұмыс жөніндегі бөлімде бас маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитеті басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы болған.
2007 жылдың наурызынан бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде – табиғи монополияларды реттеу басқармасының жетекші маманы, тарифтік реттеу басқармасының жетекші маманы, тарифтік, техникалық реттеу және әдіснама басқармасының сараптаушысы, 2011 жылдың сәуірінен 2013 жылдың маусымына дейін Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті директорының орынбасары, 2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың наурызына дейін тарифтік, техникалық реттеу және әдіснама басқармасының басшысы, Электр және жылу энергетикасы саласында реттеу жөніндегі департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.