Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы активтерінің жылдық кіріс деңгейі 16,7 пайызды құрады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
БЖЗҚ таза инвестициялық табысы жыл басынан бері есептегенде 101,02 млрд теңгеге жетіпті. Осы уақытқа дейін 47 миллиард теңгеге жуық зейнетақы жарналары мен аударымдар жасалған. 1 наурыздағы жағдай бойынша 10 миллион теңгеден астам зейнетақы жарналары бойынша келісімшарттар жасалған. Ал, зейнетақы жинағының жалпы соммасы 5 триллион 980 миллион теңгені құрап отыр.