«Медиафестивальдің негізгі мақсаты – Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі және ТМД елдеріндегі жас тілшілердің басын қосып, солардың шығармашылық шеберліктерін арттыру»,- дейді ЕҰУ-нің Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ.
Айта кетейік, ең дарынды жас тілшілер Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика және саясаттану факультетінде оқуға шақырылатын болады. Медиафестиваль 31-ші наурызға дейін жалғасады.