Білім және ғылым министрлігі: Қайта тестілеу рәсімінің құны 2 мың 242 теңге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім және ғылым министрлігі: Қайта тестілеу рәсімінің құны 2 мың 242 теңге болады

29.03.2016
Білім және ғылым министрлігі: Қайта тестілеу рәсімінің құны 2 мың 242 теңге болады

2016 жылы бітірушілер ҰБТ-ны белгіленген мерзімде 1-15 маусым аралығында тапсырады.

«Шекті деңгейді жинай алмаған бітірушілер үшін ағымдағы жылдың тамыз айында барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында орналасқан базалық жоғары оқу орындарында тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі»,-деінген баспасөз мәліметтерінде.

Сондай-ақ, онда ҰБТ-ны қайта тапсыруға болатын жоғары оқу орындарының тізімін Білім және ғылым министрлігі анықтайтыны айтылған.  

Шекті деңгейді жинай алмаған бітірушілер тестілеуді төрт пән бойынша қайта тапсырады. Олар: оқыту тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні (бейінді). 

Тестілеуді екінші рет тапсыру үшін талапкерге тек тұрғылықты жері бойынша жақын орналасқан базалық ЖОО-ға өтініш, 3х4 көлемдегі 4 сурет, және орта мектепті немесе ТжКО-ны бітіргендігі туралы құжаттар тапсыру қажет. 

Хабарламаларға жазылу