Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.
«Қазақстанда 1 сәуірден бастап, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында құжат шығару орталықтары болғандықтан, құжат дайындау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайтын болады. Облыс орталықтарында 4 күн ішінде беріле бастайды», - деп атап өтті Е.Тұрғымбаев ҚР ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, азаматтарға паспорт пен жеке куәлікті беру уақытын қысқарту мақсатында Ақтөбе және Шымкент қалаларында құжат дайындау орталықтары ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.