Қазақстандықтар 380 млрд теңгеден астам қаржы заңдастырды - Е.Досаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар 380 млрд теңгеден астам қаржы заңдастырды - Е.Досаев

30.03.2016
Қазақстандықтар 380 млрд теңгеден астам қаржы заңдастырды - Е.Досаев

Қазақстандықтардың заңдастырған қаржысы 380 млрд теңгеден асты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Заңдастыру бойынша 2016 жылғы 18 наурыздағы жағдайға сәйкес, 1 220,8 млрд теңге сомасына 81,7 мың өтініш түсіп, 997,4 млрд теңге заңдастырылды. Оның ішінде 384,9 млрд теңгесі ақша, ал 612,5 млрд теңге қаржыға 76,7 мың нысан мен бағалы қағаздар заңдастырылып отыр», - деді Е.Досаев.

Айта кетерлігі, министрлік баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, заңдастыруды белсендіру бойынша қосымша шаралар қабылдағанға дейін (2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін) барлығы 425 млрд теңге заңдастырылған болса, ал 2016 жылғы 18 наурызына дейін акцияның бұған дейінгі 15 айда заңдастырылған қаржыға қарағанда 572,4 млрд теңге немесе 134,6 пайыз қосымша заңдастырылған.

Хабарламаларға жазылу