Оның сөзінше, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағыты аясында қазіргі таңда 5 пункт жүзеге асырылуда.
2015 жылдың соңында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары негізінде Қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекітті. Қоғамдық сананы қайта қалыптастыру және бүкілқазақстандық мәдениетті нығайту тұрғысынан жетекші рөл Қазақстан халқы Ассамблеясына беріледі.
«Ұлт Жоспары» «100 нақты қадам» аясында бірлік пен біртектілікті қалыптастыру мақсаттары қойылған. Ол мақсат бірнеше бағыт бойынша дамиды. Бүгінде осы бағытта 33 нормативтік акт қабылданды. ҚР Парламенті деңгейінде 5 ірі заңға қол қойылды. Мемлекет Басшысының 5 Жарлығы мен Үкіметтің 12 Қаулысы қабылданды және бүгінде жүзеге асырылуда», - деп атап өтті Е. Тоғжанов.