Мемлекеттік қызметтегі шетелдіктерге жалақы Үкіметтің арнайы қорынан төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметтегі шетелдіктерге жалақы Үкіметтің арнайы қорынан төленеді

30.03.2016
Мемлекеттік қызметтегі шетелдіктерге жалақы Үкіметтің арнайы қорынан  төленеді

«Мемлекеттік қызметке шетелдіктерді тарту  биылғы жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген мемлекеттік қызмет туралы заңдағы жаңашылдық. Бұрын мұндай болған емес. Бұл бізге мемлекеттік аппаратқа елімізде жоқ мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Олар мемлекеттік аппараттың жұмысына озық шетелдік тәжірибені енгізе алады», - дейді Т.Донақов.

Оның айтуынша, шетелдіктерді  мемлекетттік қызметке алудың арнайы рәсімі болады.

«Олармен арнайы келісімшарт жасалады. Сондай-ақ, шетелдіктер арнайы тексеруден өтеді. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін шет елдердің азаматтарына жалақы Үкімет белгілейтін арнайы қордан төленеді», - дейді министр.

Хабарламаларға жазылу