Мемлекеттік қызметкерлер арасынан жергілікті полиция ғана смартфон ұстайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлер арасынан жергілікті полиция ғана смартфон ұстайды

30.03.2016
Мемлекеттік қызметкерлер арасынан жергілікті полиция ғана смартфон ұстайды

ҚР Президенті Əкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап бере келе, мемлекеттік қызметкерлер арасынан жергілікті полиция қызметкерлеріне смартфон ұстауға рұқсат етілетінін айтты.

Ал, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министр Талғат Донақовтың айтуынша, жұмыс орнында смартфон пайдаланған өзге мемлекеттік қызметкерлер тиісті заңнама бойынша тəртіптік жазаға тартылады. М.Бекетаев хабарлағандай, мемлекеттік қызметкерлер арасында жергілікті полиция ғана смартфон ұстап, азаматтардан «WhatsApp» арқылы шағым қабылдайды.

Хабарламаларға жазылу