ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев 1 шiлдеге дейiн Алматының әуежайын кеңейту мәселесi шешiлетiндiгiн айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бұл жұмыс өткен жылы басталды. Былтырғы жылдың қараша айында арнайы шақырылған консалтингтiк компания кеңесiн берген болатын. Бүгiнде 2 инвестор бар. Олардың бiрi Алматы әуежайын кеңейту жөнiндегi сұрақтар бойынша инвестициялық бағдарламалар дайындап жатыр. Екiншiсi – жаңа инвестор. Ең соңғы шешiмдi 1 шiлдеге дейiн қабылдаймыз деген ойдамын. Жұмыс аяқталғаннан кейiн хабарлаймыз», - деді Е.Досаев.