Е. Досаев: Біріктірілген Салық және Кедендік кодексі 1 қыркүйекте Парламентке жолданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е. Досаев: Біріктірілген Салық және Кедендік кодексі 1 қыркүйекте Парламентке жолданады

30.03.2016
Е. Досаев: Біріктірілген Салық және Кедендік кодексі 1 қыркүйекте Парламентке жолданады

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Осы уақытқа дейін бизнес пен билік елде қандай салық түрі болады. Сатылымнан түскен салық немесе қосымша құн салығы қалуы тиіс па деген сауалда ортақ ымыраға келуі тиіс», - деп атап өтті министр.

«Бүгінде пікірлер екіге жарылды. Қайсысы жақсы: қосымша құн салығы ма, әлде сатылымнан түсетін салық па? Сұрақтар көп, оның жақсы тұстары да, теріс тұстары да бар», - дейді Е. Досаев.

Оның айтуынша, қандай салық тиімді деген сауал тәуелсіздік алғалы бері талқыланып келеді. Қазіргі уақытта салық түрлеріне қатысты сараптама өткізілуде. Алайда, бұл мәселе біржақты шешілмей отыр.

«Мемлекет Басшысы қажетті есептеулер жасап, бизнеспен тілдесуді, қандай салық қажет екенін анықтауды нақты тапсырды. Ол қалай іске асады?! Біз біріктірілген Салық және Кедендік кодексін жасадық, ол 1 қыркүйекте Парламентке жолданады. Демек, нақты шешім сонда көрсетіледі», - дейді министр.

Хабарламаларға жазылу