Астанада Геолог күніне арналған салтанатты жиын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Геолог күніне арналған салтанатты жиын болады

31.03.2016
Астанада Геолог  күніне арналған салтанатты жиын болады

Бұл күні бірқатар геологтар «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы», «Қазақстан Республикасы жер қойнауының барлау озаты» және «Қазақстан Республикасының кен орнын  алғашқы ашушы»   атақтарымен марапатталатын болады.     

2011 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Президенті   Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  Қазақстан геологтарының кәсіби мерекесі тағайындалды.

Мереке өткізудің уақыты - сәуірдің бірінші жексенбісі болып бекітілген. Себебі бұл кезде жазғы дала жұмыстары мен экспедицияларға дайындық басталады.

 

 

Хабарламаларға жазылу