Қазақстанның алғашқы сауда үйі Кабулдан ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның алғашқы сауда үйі Кабулдан ашылды

31.03.2016
Қазақстанның алғашқы сауда үйі Кабулдан ашылды

Аталмыш үй Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Қазақстанның Ауғанстан Ислам Республикасындағы елшілігінің қолдауымен ашылды, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі.

«Біз түрлі сауда орындары арқылы Ауғанстанмен сауда-саттықты жандандырмақпыз. Сауда үйінің ашылуы екі елдің де кәсіпкерлеріне тығыз қарым-қатынас орнатуға негіз қалайды. Біз Ауғанстан билігінің Қазақстанмен сауда қарым-қатынастарын жандандыра отырып, ел экономикасын нығайтуға мүмкіндік алады деген сенімдеміз.  Ауғанстан мен Қазақстан арасында көпжылдық сауда қатынастары қалыптасқан. Қазақстан азық-түлік саласы бойынша импортқа өзге елдермен қатар жақсы балама  жасай алады деген ойдамын»,-деді Қазақстанның Ауғанстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Өміртай Бітімов.  

Өткен жылдардың нәтижелері ойынша, Қазақстан Ауғанстаннан құны 3 млн АҚШ доллары болатын тауар импорттады. Қазақстанның Ауғанстанға экспорты 333 млн АҚШ долларын құрады. Негізінен бұл ұн мен мұнай өнімдері.

«Сауда үйінің ашылуы Ауғанстанмен сауда байланыстарын нығайту үшін жақсы бастама болады. Отандық өнім өндірушілер өздерінің өнімдерін «Ауғанстан Экспо Орталығына» ірі сауда-көрме павильонына тегін қоя алады»,-деді Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мейірбек Мажитов.  

Хабарламаларға жазылу