Әлеуметтік желі қолданушылары Астанадағы Есіл жағасында пайда болған «ерекше» белгілердің фотоларын жариялап жатыр. Тұрғындар оның нақты не білдіретінін білмей әлек.
Шындығында, бұл белгілерді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті орнатқаны анықталды.
«Өзен бойына «Суы қорғалатын аймақ» деген жазуы бар көк белгілер орнатылған. Олар СТ РК 1742-2008 мемлекеттік стандартымен бекітілген. Осыған қоса белгілер 2008 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінде тіркелген», - деп мәлімдеді комитет.
Ал, астаналықтар өздері жариялап жатқан фотоларда өндірістік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қоқыстарын лақтыруға және сақтауға тыйым салатын белгілер деп болжаған.