Күлкі күнінің тарихы Франция елінен бастау алады. Римдіктер бұл күнді 17 ақпанда, үндістандықтар 31 наурызда атап өтеді.
Әр елде аталу жолдары да әр түрлі. Мысалы, Франция, Англия, Америкада - «Ақымақтар күні» десе, Жапонияда «Қуыршақтар», Шотландияда «Тепкі күні» деп аталады. Бұл күні әркім танысының арқасына «Мені теп!» деген жазу іледі де, оны сырттай әжуаға айналдырады. Бұл күнгі әзіл әрекетке ешкім ренжімеуі тиіс.
Ал, «Әзілің жарасса, атаңмен ойна», «Аузында қалжыңы жоқтың, қойнында шоқпары бар», деген сөздер қазақ халқының әзіл-қалжыңға теріс қарамайтындығын білдіреді. Қыстың қыспағынан шығып, ерте көктемнің болжап болмайтын «мінезін» қалжыңмен жуып-шайғысы келгендер бұл күні бір-бірінің көңілін әзілмен көтеруге тырысады.
Елорда тұрғындарының Күлкі күні туралы пікірі қандай? Олар бүгін кімді алдайды? «Таңшолпаннан» көріңіз.