Қазақстандық шенеуніктерге 35 мың доллардан қымбат көлік алуға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық шенеуніктерге 35 мың доллардан қымбат көлік алуға тыйым салынды

01.04.2016
Қазақстандық шенеуніктерге 35 мың доллардан қымбат көлік алуға тыйым салынды

Қазақстандық шенеуніктерге 35 мың доллардан қымбат тұратын көліктер алуға рұқсат жоқ. Сондай-ақ, шенділер ұстайтын смартфон бағасы 70 мың теңгеден аспауы тиіс.

Бұл туралы жемқорлыққа қарсы медиаорталықтың директоры Марат Қайырғалиев мәлімдеді деп жазады еліміздегі республикалық басылымдардың бірі.

Енді мемлекеттік қызметкерлер алкогольді шектен тыс қолданып, қоғамдық орындарда жүре алмайды.

«Қазақстанда жемқорлықпен күресу жолында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, жаңа заң күшіне енген соң, шенділер ұстайтын смартфон 70 мың теңгеден, көліктер 35 мың доллардан қымбат болмауы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер ішімдік ішіп алып, мейрамхана, кафе, кинотеатр мен өзге де қоғамдық орындарда жүре алмайды. Мұндай қадамы үшін олар жауапқа тартылады», - деді жемқорлыққа қарсы медиаорталықтың директоры.

 

Хабарламаларға жазылу