Францияның оңтүстік батысындағы Бордо қаласынан солтүстікке қарай орналасқан Жиронда департаментіндегі Бассенс өнеркәсіп өндірісі аймағында жарылыстар болды.
Оқиға жексенбі күні жергілікті сағат 6-40-та болды, деп хабарлайды Le Figaro.
Алдымен өрт шығып, оның салдарынан химиялық заттарды тасымалдауға арналған екі-үш автоцистерна жарылған. Автоцистерналар қауіпті материалдарды тасымалдаумен айналысатын CD Trans компаниясына тиесілі.
Жайсыз оқиғаның салдарынапн екі өрт сөндіруші жарақат алды.