Алма ерте өлім қаупін төмендетеді - Австралия ғалымдары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алма ерте өлім қаупін төмендетеді - Австралия ғалымдары

04.04.2016
Алма ерте өлім қаупін төмендетеді - Австралия ғалымдары

Алманың адам денсаулығына пайдасы зор екені о бастан-ақ белгілі. Ал, Батыс Австралия университетінің ғалымдары алманың тағы бір ерекше қасиетін ашты. Олардың пайымынша, күнделікті алма жеп отырған адамдарда ерте өлім қаупі 35 пайызға дейін азаяды екен.

 

Мамандар бұндай қорытындыны 70 пен 85 аралығындағы 1456 зейнеткерді 15 жыл бойы зерттеу барысында шығарды. Ғалымдар қарттардың күнделікті қандай жеміс жеп отыратынына назар аударды. Белгілі болғандай, алманың әйелдер денсаулығына анағұрлым зор ықпалы бар екен.

Ғалымдар өз зерттеуінде күніне кем дегенде бір алмадан  жеп отырған әйелдер оларды жемеген адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүргені анықтаған.

«Алманың құрамында қан тамырларын босаңсытатын, обыр ауруының алдын алатын жасушалар мен флавонидтер бар. Сондай-ақ, алма холестерин мөлшерін азайтып, қан қысымын реттейді», - деп мәлімдеді ғалымдар.

 

 

Хабарламаларға жазылу