Таңғы жыр. «Ұмытам сені деп жүріп...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңғы жыр. «Ұмытам сені деп жүріп...»

05.04.2016
Таңғы жыр. «Ұмытам сені деп жүріп...»

Хабарсыз кеттің бұл күнде,
Білмейсің аман жүрмін бе?
Ұнаттым деп ең бір көріп,
Ұмыттың ба екен бір күнде?

Жаралы жүрек жамалмай,
Дертіне дауа таба алмай.
Сағынып сені іздеймін
Сағымды қуған адамдай.

Болса да көктем даламда,
Сарғайған күз бар санамда.
Жапырақ сынды сол күзде
Сарғайып, солып барам ба?

Сейілер ме деп бұл тұман,
Ұмытуға сені ұмтылам,
Жарқырап қашан күн шығар
Көңілімнің қалың бұлтынан.

Ұмыту сені мүмкін бе,
Ойымда жүрсің күн-түнде.
Есімде балдай қылығың
Есімде күміс күлкің де.

Ілгізбей түнде көзімді,
Тауыстың тағат-төзімді.
Ұмытам сені деп жүріп 
Ұмытып кеттім өзімді....

Хабарламаларға жазылу