Нариман Төреғалиев Орал қаласының әкімі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нариман Төреғалиев Орал қаласының әкімі болып тағайындалды

05.04.2016
Нариман Төреғалиев Орал қаласының әкімі болып тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев Орал қаласының әкімі болып тағайындалды. Қала активіне жаңа басшыны облыс әкімі Алтай Көлгінов таныстырды.

Нариман Төреғалиев 1964 жылы Ақжайық (бұрынғы Тайпақ) ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, 2004 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер мамандығы бойынша тамәмдаған. Еңбек жолын 1981 жылы «Есенсай» кеңшарында жұмысшы болып бастаған Н.Төреғалиев институтты бітіргеннен кейін Теректі ауданында лауазымды қызметтер атқарды.

Содан кейін Орал қаласында басшылық жұмыстарда болды. Соның ішінде 2008-2010 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі БҚО бойынша департаментінің директоры, 2010-2012 жылдары БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды. 2012-2015 жылдары Ақжайық ауданының әкімі болса, 2015 жылдың маусымынан облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске сала кетейік, облыс басшысы болып тағайындалғанға дейін қала әкімі қызметін Алтай Көлгінов атқарған болатын.

Хабарламаларға жазылу