Елордадағы №56 мектепте дене тәрбиесі сабағын бүгін Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбрайымов пен Юрий Мельниченко өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы №56 мектепте дене тәрбиесі сабағын бүгін Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбрайымов пен Юрий Мельниченко өткізді

05.04.2016
Елордадағы №56 мектепте дене тәрбиесі сабағын бүгін Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбрайымов пен Юрий Мельниченко өткізді

7 сәуірде аталып өтетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында бүгін Астана қаласындағы №56 мектепте әдеттен тыс дене тәрбиесі сабағы өтті.

Мектеп оқушылары еліміздің танымал спортшыларының және кәсіпқой фитнес нұсқаушылардың жетекшілігімен жаттығулар орындады. 

«Физкульт-Ура!» жобасының басты мақсаты - жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын ояту.

Бүгінгі дене тәрбиесі сабағын Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбрайымов пен Юрий Мельниченко өткізді.

«Бұл - толығымен әлеуметтік жоба. Балаларға, өскелең ұрпаққа дене тәрбиесінің маңызды екендігін көрсетпекпіз. Мектептерде оқытылатын сабақтар ұдайы жетілдіріліп отыруы керек. Егер мектептен саламатты өмір салтын қалыптастырып шықса, кәмелеттік жасқа толғанда жолдарын өздері таңдайтын болады. Бірі өнер жолына түссе, келесілері кәсіптік спорттық дағдыларын дамытатын болады», - деді Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко.

Сабақтан кейін оқушыларға танымал спортшылардың қолы қойылған күнтізбелер таратылды. 

Айта кетейік, Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай жыл сайын түрлі флешмобтар мен акциялар ұйымдастырылады.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 7 сәуірде барлық қалалық емхана  мен аурухана қызметкерлері  біруақытта жаттығу жасамақ. 

Хабарламаларға жазылу