Отандық тігін фабрикалар мектеп оқушыларының киім үлгілерін ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық тігін фабрикалар мектеп оқушыларының киім үлгілерін ұсынды

05.04.2016
Отандық тігін фабрикалар мектеп оқушыларының киім үлгілерін ұсынды

Астанада оқушылардың мектеп формасын тігетін отандық өндірушілердің көрме-форумы өтті. Аталмыш көрмеге қойылған мектеп формаларын көру үшін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында орта білім беру ұйымдары үшін оқушылардың міндетті формасы туралы бұйрық шыққан болатын. Бұл бұйрықта «Атамекен» ҰКП-ның мектеп формаларын тек отандық өндірушілерден сатып алу жөніндегі ұсынысы қарастырылған.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметтері бойынша, мектеп формасының жылдық нарығы 30 млрд теңгеге жетеді. Дегенмен, «Атамекен» палатасының ақпаратына сай, мектеп формасы нарығында отандық өндірушілердің үлесі тек 7 пайызды құрап отыр. Осы мақсатта жеңіл өнеркәсіпте қызмет етіп жатқан 55 тігін фабрикасы мектеп формаларына тапсырыс алуға дайын.

Хабарламаларға жазылу