Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпорындардың тіккен мектеп формасын таныстырады. Ал, Парламент Мәжілісінде «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасының ілеспе түзетулер енгізілген нұсқасының тұсауы кесіледі.
Қосағаш ауылында 3 жасар бүлдіршінді суға кетуден құтқарып қалған 4 сынып оқушысының ерлігі ел аузында жүрсе, үлескерлер мен мемлекеттің жүздеген миллион теңгесін иемденіп, шетел асып кеткен азамат елге әкелінді. Ол Астанадағы «Қыпшақ» тұрғын үй кешенін салуға арналған қаржыны жымқырған.
Осы және өзге де жаңалықтарды толығырақ «Қазақстан» Ұлттық арнасының KazNews жаңалықтарынан 19-30-да тамашалаңыздар.