Әдемі селфи жасаудың 10 қағидасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әдемі селфи жасаудың 10 қағидасы

06.04.2016
Әдемі селфи жасаудың 10 қағидасы

Бүгінде селфи дегеннің не екенін білмейтін жан жоқ шығар. Күн сайын адамдар Инстаграм парақшаларына жүктеу үшін миллиондаған суретке түседі. Осы орайда сол көп суреттің бірі болып қалмайтындай селфиге қалай сәтті түсуге болады деген сауал туады. Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз.

Жарық

Әлеуметтік желі қолданушыларына ортақ бір аксиома бар. Ол – терезе алдында түсірілген фото қашанда үздік шығады, деген түсінік. Терезеден түскен жарық селфидің әдемі шығуына бірден-бір септігін тигізеді.  Сондай-ақ, жарық беттегі  кемшіліктерді де жасырады.

Дұрыс қалып

Дұрыс қалыпта тұра білсеңіз, жұмыстың жартысы орындалды деп есептеуге болады. Оны табудың да жолы оңай. Бар болғаны, өзіңізді әр қырыңыздан фотоға түсіріп көріңіз. «Өз қалыбыңызды» тауып алсаңыз болды, кейін кез келген суретте әдемі көрінетін боласыз.

Жоғарыдан қараған камера

Бетіңізді сәл жоғары көтеріп, камераны да жоғарыға бағыттаңыз. Бастысы, қолыңыздың созылып тұрғаны білінбейтіндей, иығыңыз шынайы көрініп тұруы керек. Мұнда да әртүрлі ракурстан бірнеше кадр жасаңыз. Тек сонда ғана өзіңізге жарасымды қалыпты табасыз. Онымен қоса, фото ерекше көрінеді. Себебі, бетіңіз ғана емес, тұрған жеріңіз де кадрға енеді. Ал, керемет детальдар кез келген суретті қанықты ете түсері анық.

Әдемі фон

Жазылушыларыңызға барған жерлеріңізді көрсетіңіз. Ол мысалы, сүйікті тобыңыздың концерті, клубтағы би кеші немесе кинозал болуы да мүмкін. Қызықты өмір сүру, сәтті шыққан фотодан анағұрлым өтімдірек. Ал, селфи жасау үшін керемет фонды кез келген қаладан табуға болады.  Кірпішті ғимараттардың қабырғасы, метродағы түрлі өрнектер, ескі үйлердің ағаш есіктері сынды кадрлар қайда болсын кездеседі.

Шынайылық

Қарапайым болыңыз. Егер сіз селфи жасап жатқан кезде шынайы күлсеңіз, ол фотода да көрініп тұрады. Ал, егер дәл сол сәтте көңіл күйіңіз болмаса, онда суретке түсіп те керек емес.

Әзіл

Қазіргі қоғамда өзін-өзі әжуалау әдетін екінің бірінен кездестіреміз. Сондықтан, қандай да бір кештен әзілді сүрет түсірген болсаңыз, оны әлеуметтік желіге жариялаудан қорықпаңыз. Есесіне, ол фото өзіңіздің де, жазылушыларыңыздың да көңіл-күйін көтереді.

Табиғилық

Бұл қасиет қазір де сәнде. Инстаграмда қыздардың макияжсыз түскен суреттері көп. Әрі бұл халыққа да ұнайды. Мұндай фотолар адамның өзіне деген сенімділігін көтереді.

Жануарлармен түсірілген фото

Ал, егер сәтті селфи жасаудың еш реті келмей жатса, оның тағы бір жолы бар. Жануарлармен бірге фотоға түсіңіз. Жануарлар сіздің суретіңізге ерекше әр берері анық. Сондай-ақ, көптеген лайк жинайсыз.

Штамптан аулақ болыңыз

Селфи жасарда ерініңіз бен көздеріңізді ерекше көрсетуге тырыспаңыз. Сосын Инстаграмда толып жатқан спорт залдарындағы кадрлардан да аулақ болыңыз. Аяқ асты түсірілген, достарыңыз сізден еш күтпеген тосын фотоларыңыз көп болсын.

Сапалы смартфон

Фотоға жақсы түсу бір бөлек. Алайда, мұнда смартфонның да атқарар қызметі мол. Сол себепті, камерасы мықты смартфон алғаныңыз дұрыс.

Хабарламаларға жазылу