Porsche компаниясы актер Пол Уокердің өліміне қатысты кінәсіз деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Porsche компаниясы актер Пол Уокердің өліміне қатысты кінәсіз деп танылды

09.04.2016
Porsche компаниясы актер Пол Уокердің өліміне қатысты кінәсіз деп танылды

Калифорния штатының федералды соты Porsche компаниясын Голливуд жұлдызы Пол Уокердің қазасына кінәлі емес деп таныды.

Мұндай үкім актермен бірге қайтыс болған Роджер Родастың әйелі Кристин Родастың айыбы бойынша шығарылған.

Айыптаушылар сотта Carrera GT автокөлігінің штатты қауіпсіздік құралдарымен жабдықталмағанын дәлелдей алмаған.

Алайда, бұған ұқсас екі қылмыстық іс әлі сот қарауында жатыр.

Ал, Porsche компаниясының өкілдері қылмыстық оқиғаға Роджер Родастың өзін кінәлады.

Айта кетейік, Пол Уокер мен Роджер Родас 2013 жылдың 30 қарашасында көлік апатынан қайтыс болды. 

Хабарламаларға жазылу