Нұржан Әшімбетов Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұржан Әшімбетов Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды

13.04.2016
Нұржан Әшімбетов Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды

Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Нұржан Әшімбетов Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аймақ басшысы Болат Бақауов Нұржан Әшімбетовке өңірдің ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан зор үлесіне ризашылығын білдіріп, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Ол 1969 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Черное ауылында туған. Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Мемлекеттік мүлік жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің маманы болып бастап, кейін халықаралық даму жөніндегі америкалық агенттігіне қарасты «Карана» корпорациясының кеңесшісі қызметін атқарады.

1997-1999 жылдар аралығында Лебяжі ауданындағы өндірістік кооператив төрағасы, агрофирма директоры; 1999-2008 жылдар аралығында – Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Лебяжі ауданының әкімі, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы; 2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы; 2009-2012 жылдары Петропавл қаласының әкімі қызметін атқарды. 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Хабарламаларға жазылу