Астананың қоғамдық көліктеріне бейнебақылау құралын орнату ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың қоғамдық көліктеріне бейнебақылау құралын орнату ұсынылды

13.04.2016
Астананың қоғамдық көліктеріне бейнебақылау құралын орнату ұсынылды

Елордалық ІІД қызметтік және Астананың қоғамдық көліктеріне бейнебақылау құралын орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ресми мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері Астанада адам қазасына әкелген жол-көлік оқиғаларына байланысты 9 сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелген. Жолдағы авриялық жағдайды төмендету мақсатында астаналық ІІД Тергеу басқармасының бөлім басшысы бірнеше ұсыныс айтты.

«Заманауи техникалық құралдарды, яғни бейнебақылауыштарды қызметтік және Астананың қоғамдық көліктеріне жаппай орнату арқылы жол-көлік оқиғаларына жылдам әрекет етуге көмектесетін жүйе құрамыз», - деді Нұрлан Мұқанов. Осыған қоса, оның айтуынша бейнебақылауыштар жүргізушілерді тәртіпті бұзбауға итермелейді.

Сонымен қатар, Нұрлан Мұқанов қалада жерүсті және жерасты өтпе жолдарын салу мәселесін көтерді. Осы арқылы жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға болады, деп есептейді Астана ІІД.

Хабарламаларға жазылу