Күні бойына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын 5 таңғы ас - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күні бойына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын 5 таңғы ас

14.04.2016
Күні бойына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын 5 таңғы ас

Жеміс-жидектер

Жаңа піскен жемістер – табиғи антидепрессанттар. Олардың құрамындағы С витамині мен темір бойыңызға сергектік дарытады. Жемістермен қатар, сұлы жармасының ботқасымен тамақтаныңыз.

ЕСКЕРТУ: Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғары адамдарға аш қарынға жеміс жеуге болмайды.

 

Айран

Айран ас қорыту жүйесін жақсартады, ішекті тазалайды. Оның құрамындағы микроорганизмдер адамның бойындағы мазасыздық деңгейін төмендетеді.

 

Нәрлі таңғы салат

Салаттың құрамына ақуыздар мен көмірсуларға бай өнімдерді қосыңыз. Мәселен, саумалдық (шпинат) фолий қышқылына бай. Ол адамның өзін жайлы сезінуіне көмектеседі.

 

Асқабақ дәнегі мен бадам қосылған гранола

Бұл жеңіл таңғы астың құрамында адамға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын амин қышқылдары, мырыш пен магний бар. Сондай-ақ, гранолаға бал қоссаңыз да болады.

 

Авокадо мен жұмыртқа қосылған тост

Авокадо құрамындағы манногептулоза адамның жүйке жүйесін тыныштандырады. Сонымен қатар, ұйқышылдық пен күйгелектікті жеңуге көмектеседі.

 

Суреттер: www.adme.ru

Хабарламаларға жазылу