ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев әлеуметтік бастамаларға жан-жақты қолдаудың маңыздылығын әрбір сөзінде атап өтеді. 2015 жылы көмекке мұқтаж отбасыларының қажетті медициналық, әлеуметтік көмек алуына Елбасы 600 000 АҚШ долларын бөлді. Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық науқанын өткізу 2015 жылдан бастап қолға алынды.
2016 жылдың 1 наурызын Елбасы Алғыс айту күні деп жариялады. Осы бастаманың негізінде халқымыз бір-біріне деген ыстық лебізін білдіріп, көмекке мұқтаж жандарға жақсылық жасап, алғыс айтумен қатар өздері де алғысқа бөленді. Еліміздегі осындай игі бастамаларды басшылыққа алып, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Шын жүректен!» қайырымдылық телемарафонын өткізуді жоспарлауда. Қайырымдылық телемарафонының мақсаты – көмекке зәру жандарға қол ұшын беріп, адамдардың жақсылық жасауға деген құлшынысын арттыру, ізгілікке тәрбиелеу, қайырымдылық жасаған жомарт жандардың игі істерін көпшілікке насихаттау.
«Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны 28 сәуір күні тікелей эфирде көрсетіледі.