Ғалымдар түшкіру, есінеу, керілу сияқты әрекеттердің денсаулыққа пайдалы екенін дәлелдеуде. Бұлардың барлығы адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуіне әсер ететін шартты рефлекстер.
Есінеу әлі де дәлелдеуді қажет ететін жұмбақ құбылыс. Нәрестенің құрсақта жатып-ақ есінейтіні белгілі. Ал, үлкендер стресс жағдайында жиі есінейді екен.
Ал, түшкірген кезде дем шығаратын бұлшықеттер жиырылып, өкпедегі ауа мұрын арқылы күшпен сыртқа шығады. Психолог мамандар түшкіргеніне қарап, тіпті адам мінезін анықтауға болатынын дәлелдеген.
Түшкіргенін ешкім байқамай қалатын адамдар нағыз көркем мінез иесі. Ол үшін өзінен гөрі өзгелердің көңілі мен пікірі өте маңызды. Үнсіз тыңдап, қолұшын созатын адал адам.
Мұрнын алақанымен жауып түшкіретін адамдар терең ойдың иесі. Алдын ала ойластырмай, ешқандай қадамға бармайды. Қоғамдағы құбылыстарға қатысты ой түйе жүретін нағыз интеллектуал жандар. Өзгелердің қателігін сыпайы жеткізе алады.
Түшкіру мен мінездің байланысы туралы өзге де қызықты деректерді «Таңшолпаннан» көріңіздер.