Талқыға түсетін тақырып - «Жаңа экономикалық шындық: әртараптандыру, инновациялар және білім мен экономика».
Бес құрлықтың беделді бизнес бекзадалары ертең Елорда төріне келеді. Жүзден астам ірі халықаралық корпорация басшылары, яғни, қалтасы қалың инвесторлар дәстүрлі инвестициялық саммитке қатыспақ. Шикізат экономикасын әртараптандыруға және қазақтың инвестициялық мүмкіндіктерін көрсететін жиында, он шақты жілікті құжатқа қол қойылады.
Саммит ертең басталатын IX Астана экономикалық форумы аясында өтеді. Екі күнге жалғасатын салмақты жиынға 90-ға жуық елден жаһандық саясат пен экономикада есімдері дүр, еңбектері бағаланған 200-дей тұлға қатысады. Талқыға түсетін тақырып - «Жаңа экономикалық шындық: әртараптандыру, инновациялар және білім мен экономика».
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ