![Қырғыз Үкіметін Сооронбай Жээнбеков басқаратын болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59273.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жогорку Кенеш депутаттары елдің Премьер-министрін, бағдарламалар жобаларын, елдің министрлер кабинетінің құрамын бекітті.
Жаңа Премьер-министр болып Сооронбай Жээнбеков сайланды.
Ашық түрде дауыс беру кезінде тіркелген 115 депутаттың 113-і үкіметтің бағдарламалары үшін дауыс берсе, 2-еуі қарсы шықты.
Парламент құрылымы үшін - 115 дауыс;
Жаңа кабинет құрамы үшін - 115 дауыс.
Біздің анықтама:
Жээнбеков Сооронбай Шәріпұлы 1958 жылы 16 қарашада Ош облысы Кара-Кульджин ауданы Тельман ауылында туған. Білімі жоғары. 1983 ж.- К.И.Скрябин атындағы Қырғыз ауыл шаруашылығы институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қырғыз Республикасы Үкіметінің Ош облысындағы Уәкілетті өкілі болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғыз Үкіметін Сооронбай Жээнбеков басқаратын болды &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/108667/)