Жуырда Чехия Республикасының (Czech Republic) атауы өзгереді. Ел президенті Милош Земан мен премьер-министрі Богуслав Соботкидің, парламенттің екі палатасының спикерлері және үкіметтің бірқатар өкілдерінің бірлескен мәлімдемесінде: «Елдің ресми атауын пайдалану қажеттілігі болмаса, онда шет тілдерде бір сөз атауын пайдалану ұсынылады»,- делінген.
«Бұл шешімге дейін еуропалық мемлекеттердің тілдерінде ел атауының жалғыз формасы - Чехия Республикасы болған. Чехия тілінде ел атауы – «Cesco»,-деп жазады РИА Новости.
Енді ағылшын тілінде Czechia, неміс - Tschechien, ал француз тілінде - Tchequie сөздері пайда болуы мүмкін.
Жаңашылдық ресми дәрежеде болуы үшін елдің Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-дан «Чехия» атауын халықаралық деректер базасына енгізуді ұсынды.