Осы аптада Жапониядағы Кумамото префектурасында болған жер сілкінісі кем дегенде 14 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлады сенбі күні билік орындары.
Бұдан басқа мыңға жуық адам жарақаттанған, олардың 184-нің жағдайы ауыр. Қауіпті аумақтардан билік 90 мыңға жуық тұрғынды көшірді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Кумамото аумағында (Кюсю аралдары) бейсенбі және сенбіде екі ірі жер сілкінісі болды.