ГТА (ГМО) зиян ба? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ГТА (ГМО) зиян ба?

18.04.2016
ГТА (ГМО) зиян ба?

ГТА (ГМО) - генетикалық түрлендірілген ағзалар. Генотипі генді инженерия әдісі арқылы жасанды өзгертілген ағза.

Генетикалық түрлендіру технологиясы көбінесе ауыл шаруашылығы саласында қолданылады.

ГТА өнімділікті арттыруға, өнімдерді түрлі зиянкестерден қорғауға және оның ұзақ сақталуына көмектеседі.

«Құрамында ГТА бар өнімдер адам ағзасына өте зиян. Ол генді мутацияға әкеліп соғуы мүмкін», деген пікірлерді жиі естиміз.

Алайда, ГТА-ның денсаулыққа зиян екені ғылыми тұрғыда дәлелденбеген.

 

Құрамында ГТА бар болуы мүмкін өнімдер:

Соя (бұршақ тұқымдас өсімдік) және оның түрлері (бұршақтар, үн, сүт, т.б);

Жүгері және оның түрлері (ұн, жарма, май, чипстер, крахмал, т.б);

Картоп және оның түрлері (жартылай фабрикаттар, құрғақ пюре, чипстер, ұн, т.б);

Қант қызылшасы;

Бидай (нан өнімдері);

Күріш (ұн, түйіршіктер, қауыз (хлопья)

Өсімдік майы және т.б;

 

Бұл компаниялардың өнімдерінде ГТА бар:

Kelloggs (Келлогс)

Nestle (Нестле)

Heinz Foods (Хайенц Фудс)

Hersheys (Хёршис)

Coca-Cola (Кока-Кола)

McDonalds (Макдональдс)

Danon (Данон)

Cadbury (Кэдбери)

Mars (Марс)

PepsiCo (Пепси-Кола) 

Хабарламаларға жазылу