Тағы 760 адам ауруханада жатыр. Жапон мемеорологиялық агенттігі осыған дейін тұрғындарды жер сілкінісі салдарынан цунами болуы мүмкін екенін ескертіп, жағалау маңынан қоныс аударуды сұраған болатын.
Айта кетейік, Жапонияда екі күн ішінде екі бірдей жер сілкінісі болды. Кумамотоның Уеки қаласынан 7 шақырым қашықтықта магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі болып, соның салдарынан 9 адам қайтыс болған. Сондай-ақ, мыңға жуық адам зардап шеккен.