
Марокколық шөлде дәстүрлі «Құмды марафон» аяқталды. Биылғы жылы жарыс 31-ші рет ұйымдастырылып отыр.
Марафон қатысушыларына алты күн ішінде өте қатаң шарттар жағдайында 257 шақырым қашықтықты бағындыру міндеттелді.
Қорытынды бойынша, ерлер арасында марокколық желаяқ Рашид аль-Морабити жеңімпаз атанды. Бұған дейін ол бұл жарыста үш мәрте жеңіске жеткен.
Оның отандасы Абдель Кадер аль-Муазиз - екінші орында. Үшінші нәтижені испаниялық Хосе Мануэля көрсетті.
Ал, әйелдер арасында ресейлік Наталья Седых айқын басымдылық көрсетті. Екінші орында - франциялық Натали Моклер, үшінші орынды Испания спортшысы Фернанда Масиэль иеленді.
euronews.com
&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/108802/)