Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта өткен аптада Кюсю аралындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Елбасының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
Нұрсұлтан Назарбаев жақындарынан айрылған отбасыларға, император Акихитоға және бүкіл жапон халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты. Сондай-ақ, табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.