Сурдопедагогтың қызметі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сурдопедагогтың қызметі (ВИДЕО)

19.04.2016
 Сурдопедагогтың қызметі (ВИДЕО)

2007 жылдан бері Қазақстанда 1200 адамға есту, сөйлеу процессоры орнатылған екен. Оның 700-і 15 жасқа дейінгі балалар. Кохлеарлы имплант қойдырған науқастар міндетті түрде отадан кейінгі оңалту курстарынан өтуі қажет.

Себебі, олардың құлағы естігенімен дыбыстарды ажырата алмауы мүмкін. Сурдопедагог Сәуле Әсембекова осындай сәбилермен жұмыс істейді. Емделушілеріне ерекше қамқорлықпен қарап, әр сөзді анық шығаруға күш салады. Ата-аналарына баламен қалай жұмыс істеу керегін көрсетеді.

«Менің негізгі міндетім – ауызекі сөйлеу қабілетін қалыптастыру. Егер балаға дер кезінде кохлеарлы имплант салынса, оған ойлауды, естуді, түсінуді және сөйлеуді үйретуге болады. Бұл қондырғылар адамның мүгедектігін төмендетеді»,-дейді маман.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу